Қазақстан Қолданбалы Лингвистика Қаумымдастығы (ҚҚЛҚ)қолданбалы лингвистикаға арналған Қазақстандағы алғашқы ұлттық ұйым болып табылады. 2016 жылы құрылған ҚҚЛҚ ұйымы көпшілікке танылып, ең жақын арада Association Internationale de Linguistique Appliquée (AILA) ұйымының ресми мүшесі болуды ынтамен көздейді.Алматы қаласында орналасқан ҚҚЛҚ-ның бас кеңсесіосы өңірге көптеген халықаралық тіл мамандарын шақырып, жергілікті және жаһандық дәрежедегі ынтымақтастық пен өзара әрекеттестікті нығайтатын шаралар ұйымдастыруға тырысады. Тілдік және қоғамдық кешенді тарихы бар өңірде, білім беру жүйесін дамыту және жарқын болашақ қамтамасыз ету мақсатында, ҚҚЛҚ көп тілділік пен көпұлттылықты, өзара толеранттық пен құрмет көрсетуді насихаттайды.
ҚҚЛҚ қолданбалы лингвистикада жетекшілік қамтамасыз етіп, лингвистика, тіл үйрену, оқыту, білім алу және зерттеу салаларының дамуын қолдайды.Бұл академиялық алғырлық үшін, және Қазақстан тіл мамандарына бұған дейін қол жеткізуге мүмкіншіліктері болмаған лингвистикалық қорларға қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін жасалған. Ауқымды байланыс мүмкіншіліктері бар ҚҚЛҚ, ерекше академиктер мен ғалымдарды Алматы қаласына шақыруды іске асырып, осындай шараларды болашақта да ұйымдастырады.
ҚҚЛҚ-ның басты мақсаты – қолданбалы лингвистиканың ең үздік дағдыларын зерттеу орталығын құру, және барлық ұлттық зерттеулерді бір ортаға жинауды көздеп, ортақ ғылыми шаралар, жобалар және зерттеулер жүргізетін жергілікті және шетел қолданбалы тіл мамандарының арасында байланыс орнату.
Біз келесі мақсаттарға қол жеткізуді көздеудеміз:
- Қолданбалы тіл мамандары үшін тәжірибелік және теориялық семинарлар, конференциялар және симпозиумдар ұйымдастырып, Қазақстан қолданбалы тіл мамандарының тұжырымдары мен ғылыми жаңалықтарыноңтайландыру;
- Қазақ лингвистикасы мен филологиясында жиі кездесетін мәселелерге жүгініп, оларды шешу жолдарын бірыңғайлау;
- • Жергілікті қолданбалы лингвистика мамандары мен зерттеушілерінің ғылыми жаңалықтары мен ой-пікірлерін жариялау;
- Қазақ тіл мамандарының ашқан теориялық жаңалықтарын тілді ана тілі немесе екінші тіл ретінде оқытуда қолданудың жолдарын қарастыру;
- Электронды жазуды, кең таралған сөздердің айтылуының сөздігін, және кең таралған сөздердің электронды түсіндірмелі сөздігін орталықтандыру;
- Кең таралған синонимдер мен фразеологизмдердің электронды стилистикалық сөздігін жетілдіру.
Жаһандану – 21-інші ғасырдың басты үрдісі болып табылады. Дүниежүзі әлемдік бірлестікке тұтасуда, сол себепті, қазіргі уақыт – адамдар арасында достық және ынтымақтастық қарым-қатынас құрудың ең қажетті заманы. Осы мақсатқа жетудегі біздің бірден бір күшті құралымыз – ол біздің тіл. Аймақтың лингвистикалық орталығы бола отырып, ҚҚЛҚ тілдесу мен қатынасудың едәуір дамуына бірге атсалысатын тіл мамандары мен ынтагерлерін бір ортаға әкелуге күш салуда.Бұл ұйымның мүмкіншіліктеріне сенетін болсаңыздар, бізге қосылу арқылы бұл шараларды іске асыруға атсалысуларыңызды сұраймыз. ҚҚЛҚ барлық тілдерді түсінеді!
Атқарушы кеңес
Ғылым докторы, профессор Салима Құнанбаева, Құрметті президент
Ғылым докторы, профессор Азамат Акбаров, Президент
Доктор наук, доцент Құралай Кудеринова, Атқарушы вице-президент
Ғылым докторы, профессор Айбарша Ислам, Вице-президент
Кіші ғылыми қызметкер Жайнагуль Дуйсебекова, Хатшы/ Қазынашы
Кіші ғылыми қызметкер Бибиш Ашаева, Байланыс қызметкері
Кіші ғылыми қызметкер Балжан Токтамысова, Байланыс қызметкері
Кіші ғылыми қызметкер Дарига Бактыгереева, Байланыс және ақпарат қызметкері
Сабағаттық кеңес
Ғылым докторы, профессор Танат Аяпова, Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
Ғылым докторы, профессор Зауреш Ахметжанова, Сүлейман Демирел атындағы Университет
Ғылым докторы, профессор Касым Балкия, Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
Ғылым докторы, профессор Фаузия Оразбаева, Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
Ғылым докторы, профессор Сауле Тажибаева, Еуразия Ұлттық университеті
Ғылым докторы, профессор Шолпан Жаркынбекова, Еуразия Ұлттық университеті
Ғылым докторы, профессор Омирхан Абдиманулы, Қазақ Ұлттық университеті
Ғылым докторы, профессор Искакулы Дандай, Сүлейман Демирел атындағы Университет
Ғылым докторы, профессор Жаналык Балтабаева, Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
Ғылым докторы, профессор Гульмира Мадиева, Қазақ Ұлттық университеті
Ғылым докторы, профессор Ляззат Шайкенова, Қазақ Ұлттық университеті
Ғылым докторы, профессор Мереке Атабаева, Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
Ғылым докторы, профессорАктолкын Кулсариева, Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
Ғылым докторы, профессор Калбике Есенова, Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
Доцент, Ғылым докторы Жанар Ибраева, Қазақ Ұлттық университеті
Доцент, Ғылым докторы Гульмиа Касымова, Сүлейман Демирел атындағы Университет
Доцент, Ғылым докторы Жанар Даулетбекова, Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
Доцент, Ғылым докторы Лейла Мирзоева, Сүлейман Демирел атындағы Университет
Доцент, Ғылым докторы Аяужан Таусогарова, Қазақ Ұлттық университеті
Доцент, Ғылым докторы Зейне Оразбекова, Сүлейман Демирел атындағы Университет
Доцент, Ғылым докторы Жанна Уматова, Қазақ Ұлттық университеті
Доцент, Ғылым докторы Майра Жолшаева, Сүлейман Демирел атындағы Университет
Доцент, Ғылым докторы Данель Карагойшиева, Қазақ Ұлттық университеті
Ассистент, Ғылым докторы Хафиза Ордабекова, Сүлейман Демирел атындағы Университет
Ассистент, Ғылым докторы Маншук Мамбетова, Қазақ Ұлттық университеті
Ассистент, Ғылым докторы Жулдыз Смагулова, КИМЭП Университеті
Ассистент, Ғылым докторы Маганат Шегебаев, КИМЭП Университеті
Ассистент, Ғылым докторы АйсулуНуржанова, Сүлейман Демирел атындағы Университет
Ассистент, Ғылым докторы Сауле Тулепова, Сүлейман Демирел атындағы Университет
Ассистент, Ғылым докторы Нургуль Исмаилова, Қазақ Ұлттық университеті
Ассистент, Ғылым докторы Давран Гаипов, Сүлейман Демирел атындағы Университет
Ассистент, Ғылым докторы Наталья Пак, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті
Ассистент, Ғылым докторы Якуб Доганай, Сүлейман Демирел атындағы Университет
Ассистент, Ғылым докторы Юджел Озяшар, Сүлейман Демирел атындағы Университет
Жақын уақытта жаңартылады
Жақын уақытта жаңартылады
Жақын уақытта жаңартылады
Жақын уақытта жаңартылады
Жақын уақытта жаңартылады
ҚҚЛҚ -ның басты мақсаты тіл мамандарының қоғамы және энтузиасттардың жақын достық қатынастарын жандандыру және өзара қарым-қатынасты қолдау болып табылады. Осы мақсатқа жетудің бірден бір жолы мүшелік жүйе арқылы Қауымдастықтың делдал қызметін атқарып, мүшелер арасындағы ынтымақтасты жеңілдету. ҚҚЛҚ-на қосылу арқылы сіз ерекше артықшылықтар жиынтығымен марапатталып, оған қоса біздің отбасымыздың мүшесі боласыз. Ол артықшылықтарға мыналар кіреді:
- Қауымдастықты жақындастыру және достық қарым-қатынасты жандандыру мақсатында жыл сайынғы ҚҚЛҚ-ға арнайы шақырту;
- Профессор қонақтар өткізетін барлық дәрістерге және семинарларға, соның ішінде барлық ҚҚЛҚ тарапынан қабылданған мерекелік бағдарламаларға арнайы шақырту;
- Қызықты ерекше тақырыптармен толықтырылған екіжылдық ҚҚЛҚ шолуының электрондықкөшірмесі;
- ҚҚЛҚ-ныңең керемет конференциясынан құралған жылдық журнал көшірмесі
- Қауымдастыққа қатысты барлық іс-шараларға 20% жеңілдік;
- Жылдық ҚҚЛҚ конференциясында негізгі дәрісшілермен жылы кездесу
ҚҚЛҚ-ның мүшесі болу үшін немесе мүшелелігіңізді жаңарту үшін, өзіңіз жайлы толық ақпаратты біздің хатшылыққа осы форманы AALK-Membership- Form (70 KB) толтыру арқылы бере аласыз. Бұл форма сізді толық ақпаратпен және қолжетімді мүшелік категорияларының егжей-тегжейлерімен қамтамасыз етеді.
Біз сізбен кездесуді асыға күтудеміз!
Жақын уақытта жаңартылады